«Сұңқар орта мектебі МДШО» КММ 2021-2022 оқу жылындағы педагог-психолог жұмысының І жарты жылдықтың қорытынды есебі » Сұңқар орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сұңқар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 40-4-42
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Сұңқар орта мектебі МДШО» КММ 2021-2022 оқу жылындағы педагог-психолог жұмысының І жарты жылдықтың қорытынды есебі
28
март
2022

«Сұңқар орта мектебі МДШО» КММ 2021-2022 оқу жылындағы педагог-психолог жұмысының І жарты жылдықтың қорытынды есебі

2021-2022  оқу жылында педагог-психологтың  жұмыс жоспары бойынша оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен, әкімшілікпен тығыз байланыста болып диагностикалық, түзету-дамыту, ағартушылық-профилактикалық, консультациялық бағыттарда жұмыстар жүргізілді.


     Мектепалды топ балаларымен мектепке дайындығын анықтау мақсатында қараша айында баланың табиғат туралы білімін анықтау мақсатында жеке әңгімелесу барысында суреттер бойынша жылдың қай мезгілі,  тәуліктің қай   уақыты бейнеленгенін айтып беру ұсынылды. «Не артық?»,  аналитакалық ойлау қабілетін анықтайтын «Топтастыру»  суретті әдістемесі бойынша диагностика жұмысы өткізілді. Түзету-дамыту жұмыс: «Көп және біреу»,

«Сөйлемді аяқта» атты психожаттығулар, ойындар жүргізілді.

 1 – сыныпқа қабылданған 11 оқушыдан қыркүйек айында мектепке дайындығын анықтау мақсатында   Керн-Йерасектің (адам суреті,әріптер және нүктелер көшірмесі) әдістемесі қолданылып тест, сауалнамалар алынды. Аналитикалық ойлау қабілетін, зейінінің ырықтылығын және кеңістікті қабылдауының қалыптасу деңгейін, интеллект дамуының деңгейін   анықтайтын І-ІІ тоқсанда «Үйшік», «Моншақ», «Баспалдақ», «Не артық?», әдістемесі пайдаланылды. Түзету-дамыту жұмыс: зейін тұрақтылығын, есте сақтау қабілетің дамыту мақсатында  «Орамжіп», «Ұшты,ұшты»,  «Досты тап», «Сиқырлы дүкен», «Қайталап айтып бер» ойындары өткізілді.

2-сыныппен оқушыларымен есте сақтау қабілетің анықтау, дамыту мақсатында «Қызыл қара кесте», «Байқағыштық» әдістемесі, «10 фигура» 

әдістемесі бойынша диагностикалық жұмыс жүргізілді. Түзету -дамыту жұмыс: «Ойыншықты сипатта», «Карусель» атты ойындар жүргізілді.

3-сынып оқушыларынан зейінді зерттеу мақсатында (Бурдон тесті),

«Балалардың қабылдау деңгейін диагностикалау» алынып, «Өз орнынды тап», «Эйлер шеңбері» атты жаттығу, ойындар арқылы түзету дамыту жұмысы жүргізілді.

4-сынып оқушыларынан «Бастауыш класс оқушыларының біліктілік деңгейін анықтауға арналған тест», «Жалпылау», «Топтастыру», «Нақтылау», «Салыстыру» тесті алынды. Түзету -дамыту жұмыс: «Мен бәрін білемін» тренинг-жаттығулары жүргізілді.

Қазан, қараша, желтоқсан айларында 5 сынып оқушыларының орта буынға көшу, бейімделу кезеңіндегі кездескен қиындықтарды анықтау, біліктілік деңгейін, мінезіндегі эмоциялық ерекшеліктерді анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар өткізілді. Дж.Мореноның «Социометрия» методикасы, «Оқу процесіне бейімделуі», «Түймедақ», Филипстің мектептегі мазасыздану тесті» әдістемесі жүргізілді. 

Тест, саулнамалардың нәтижесі бойынша коррекциялық жаттығулар, ойындар өткізілді. «5- сынып дегеніміз не?» Тренинг-жаттығулары 

«Бесінші сынып оқушыларының тұлғалық дамуы», «Қарым-қатынас маған қуаныш сыйлайды» тақырыбында тренинг жаттығулары жүргізілді.

Әр тоқсан сайын жасөспірімдер арасында   зорлық- зомбылық, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 7-11 сыныптарда жасырын сауалнама алынды.  5-11 сынып оқушыларынан Дж.Мореноның «Социометрия» методикасы бойынша сұрақнама, 5-8 сыныптарда «Отбасылық қобалжуды анықтау» тесті алынды.

9 сынып оқушыларынан «Мамандық  туралы хабар», «Табандылықты зерттеу», Д.Голландтың «Тұлға типтерін анықтау» тесті алынды.

8-10 сыныптарда «Қарым -қатынас маған қуаныш сыйлайды» 7-10 сыныптарда «Өмірді сүйе білейік» тақырыбында тренинг жаттығулары жүргізілді.

Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі бойынша ағартушылық-профилактикалық, психологиялық кеңес беру бойынша қыркүйек айында                          7-11сыныптарда «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында  аутотренинг өткізіліп, кеңес берілді.

ҰБТ және қорытынды аттестаттауға психологиялық көмек көрсету мақсатында 11 сынып оқушыларымен қыркүйек-желтоқсан айларында диагностикалық жұмыс: «Өзіндік  тест», «Стресспен күресе білесің бе?», «Сіз кімсіз: жапалақсыз ба, бозторғайсыз ба?» Климовтың «Мамандық типін анықтау» Сандық кәсіптік бағыт беру  тесті жүргізілді.

Тренинг-жаттығулар: «Сенімділік кілті», «Қобалжу-қалыпты құбылыс», «Ашық айтатын болсам»,  «Ішкі күшті ояту», «Калейдоскоп» психологиялық ойын өткізіліп, «Оқығанды қалай есте сақтап қалуға болады?»,  «Емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады?» тақырыбында кеңестер берілді.

 Өгей әкемен, өгей шешемен, тұратын оқушылар анықталып, «Қатер тобына» 6 оқушы тіркелді.  Осы топтағы оқушылармен келенсіз жағдайдын (зорлық-зомбылықтың) алдын алу мақсатында диагностикалық: Гофтың әдістемесі бойынша «Сіздің мінезіңіз қандай?» суреттік тест, Э. Фергюсон мен Д.Расселдің «Жалғыздық сезімінің деңгейін анықтау» әдістемесі, профилактикалық: «Мен өмірді сүйемін» атты аутотренинг, түзету-дамыту: «Түсіну», «Проблемаларды қиып тастаймын», «Мейірімділік алаңы», «Мен және менің ортам» тренинг жаттығулары жүргізілді. 

 Мұғалімдермен жұмыс: 1-сынып мұғалімі 1-сынып мұғалімдеріне арналған сауалнама, 

«Педагогикалық қабілетін зерттеу» әдістемесі жүргізілді.

  «Суицидке баратын оқушы қандай болады?» тақырыбында кеңес берілді

 Ата -аналардан «Бала тәрбиесі» тест алынды. Тест  нәтижесі бойынша ата-аналар балаларына қателігі үшін ұрыспай, түсіндіретінін, балалардың пікірімен санасатыны анықталды. 

Ағартушылық-профилактикалық жұмыс: «Кибербуллинг деген не?» тақырыбында видеоролик көрсетіліп, ата-аналарға кеңес берілді. «Баланың мектепте білім алуға бейімделуі»   «Күйзелістік жағдайды жеңуге байланысты бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес»тақырыбында жадынамалар таратылды. «Бала өмірінде кездесетін зорлық пен қатыгездік түрлері» тақырыбында тренинг жаттығулары жүргізілді.




Педагог-психолог                   Л.И.Чолпанкулова