«Сұңқар орта мектебі МДШО» КММ 2020-2021 оқу жылындағы педагог-психолог жұмысының қорытынды есебі » Сұңқар орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сұңқар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 40-4-42
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Сұңқар орта мектебі МДШО» КММ 2020-2021 оқу жылындағы педагог-психолог жұмысының қорытынды есебі
24
март
2022

«Сұңқар орта мектебі МДШО» КММ 2020-2021 оқу жылындағы педагог-психолог жұмысының қорытынды есебі

2020-2021  оқу жылында педагог-психологтың  жұмыс жоспары бойынша оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен, әкімшілікпен тығыз байланыста болып диагностикалық, түзету-дамыту, ағартушылық-профилактикалық, консультациялық бағыттарда жұмыстар жүргізілді.


    Мектепалды топ балаларымен мектепке дайындығын анықтау мақсатында қараша,ақпан, сәуір айында баланың табиғат туралы білімін анықтау мақсатында жеке әңгімелесу барысында суреттер бойынша жылдың қай мезгілі,  тәуліктің қай  уақыты бейнеленгенін айтып беру ұсынылды. «Не артық?»,  аналитакалық ойлау қабілетін анықтайтын «Төртінші артық»  суретті әдістемесі бойынша диагностика жұмысы өткізілді. Түзету-дамыту жұмыс: «Көп және біреу», «Сөйлемді аяқта», «Кім екенін   тап» атты психожаттығулар, ойындар жүргізілді.

     1 – сыныпқа қабылданған 6 оқушыдан қыркүйек айында мектепке дайындығын анықтау мақсатында   Керн-Йерасектің (адам суреті,әріптер және нүктелер көшірмесі) әдістемесі қолданылып тест, сауалнамалар алынды. Аналитикалық ойлау қабілетін,  интеллект дамуының деңгейін  анықтайтын  «Бесінші артық» әдістемесі пайдаланылды. Есте сақтау қабілетің анықтау мақсатында «Ойыншықты сипатта» ойыны өткізілді. Түзету-дамыту жұмыс: логикалық  ойлау  элементтерін дамыту мақсатында «Еркін жіктеу»  (карточкадағы   суреттерді балалар  ортақ белгілеріне қарай затты топқа жіктеп,  бір сөзбен  атау   керек) әдістемесі қолданылды, зейін анықтау «Ұшты, ұшты», есте сақтау қабілетің дамыту мақсатында, «Орамжіп», «Досты тап», «Сиқырлы дүкен», «Қайталап айтып бер» ойындары өткізілді.

   2-сыныппен қыркүйек-қараша, ақпан-сәуір айларында Г Н Лусканованың оқу мотивациясын анықтау мақсатында «Мектепте маған не үнайды», зейін, ойлау, есте сақтау қабілетің анықтау, дамыту мақсатында «Ойыншықты сипатта» ойыны, «Есіңде қалғанның суретін сал»,  «10 сан», «Сөзді есте  сақта», «Карусель» атты ойыны жүргізілді.

Қазан-желтоқсан, ақпан- сәуір айларында 3-сынып оқушыларынан зейінді зерттеу мақсатында (Бурдон тесті), «Интелектуалды даму деңгейін анықтау» (Э.Ф.Замбицявич)тесті алынып, «Өз орнынды тап», «Эйлер шеңбері»,  «Ойлан да аяқта», «Мейірімділік пен қайырымдылық» атты жаттығу, ойындар арқылы түзету дамыту жұмысы жүргізілді. 

     4-сынып оқушыларынан «Бастауыш класс оқушыларының біліктілік деңгейін анықтауға арналған тест», «Логикалық ойлауды дамыту тапсырмалары»  алынды. «Мен бәрін білемін»«Ребус», «Қарым-қатынас тренинг-жаттығулары өткізілді.

  Қазан- желтоқсан айларында 5 сынып оқушыларының орта буынға көшу, бейімделу кезеңіндегі кездескен қиындықтарды анықтау, біліктілік деңгейін, мінезіндегі эмоциялық ерекшеліктерді, темпераментін анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар өткізілді. «Оқу процесіне бейімделуі» атты   сауалнама, Филипстің мектептегі мазасыздану тесті» әдістемесі, Н.Г.Лусканованың «Оқу мотивациясы» атты сауалнама алынды.

   Тест, саулнамалардың нәтижесі бойынша коррекциялық жаттығулар, ойындар өткізілді. Қазан айында«5- сынып дегеніміз не?» тақырыбында тренинг-жаттығулары, қараша айында «Бесінші сынып оқушыларының тұлғалық дамуы» тақырыбында тренинг жаттығулары жүргізілді.

    Қыркүйек айында жасөспірімдер арасында   зорлық- зомбылық, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 7-11 сыныптарда жасырын сауалнама алынды. 

   Қазан айында 5-8 сынып оқушыларынан «Отбасылық қобалжуды анықтау» тесті, 6-сынып оқушыларынан  «Мен қандаймын» сауалнама алынды. 

    Қараша -желтоқсан айыларында 7-8сынып оқушыларымен  Г.Н. Казанцеваның «Өзін -өзі бағалау» әдістемесі, Басс-Дарки эмоция тестісі. «Тиісті  сөзді тап» т.с.с. сөздік-логикалық ойлауды анықтау (ойлау,зейін, ес, анаграмма анағрамма   шешу, тест) бойынша жұмыс жүргізілді. 

Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі бойынша ағартушылық-профилактикалық, психологиялық кеңес беру бойынша қыркүйек айында                          7-11сыныптарда «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында   аутотренинг өткізіліп, кеңес берілді.

    9 сынып оқушыларынан қараша, желтоқсанда «Мамандық   туралы хабар» «Табандылықты зерттеу» Д. Голландтың “Кәсіби- тұлғалық типті анықтау” тесті алынды.                                                                                                                    Қараша, желтоқсан айында 10-сынып оқушыларынан «Ғаламторға және компьютерлік ойындарға тәуелділікті анықтауға арналған» тест-сұрақша Фергюсон мен Д.Расселдің «Жалғыздық сезімінің деңгейін анықтау» атты сауалнама алынды.

   8-11сыныптарда   «Сілкіп таста» жаттығуы жүргізілді. Мақсаты:  эмоционалдық қысымды алып тастау, ортаға бейімделу, еркін араласуға баулу, топтың бірігуі, жалпы психологиялық бейімделу.                                                                                 11 сынып оқушыларымен қыркүйек-желтоқсан айларында диагностикалық жұмыс: «Өзіндік  тест»,  «Сіз кімсіз: жапалақсыз ба, бозторғайсыз ба?», «Күйзеліс дегеніміз не?»,  Климовтың «Мамандық типін анықтау»,  «Сандық кәсіптік бағыт беру»,  Э. Ховардтың «Стресске төзімділік» тесті, сауалнамалар алынды.   Түзету дамыту жұмыс: “Атмосфералық қысым”, “Эксперимент” жаттығулар өткізіліп, «Стресстен арылу тәсілдері», «Оқығанды қалай есте сақтап қалуға болады?»,   «Емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады?» тақырыбында кеңестер берілді.

     Қыркүйек- қараша айларында айында 1-5 сынып ата-аналарынан «Сіз қандай ата-анасыз?» тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесі бойынша ата-аналар балаларына қателігі үшін ұрыспай, түсіндіретінін, балалардың пікірімен санасатыны анықталды. «Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес», «Жанұяда балаға зорлық-зомбылық  болмасын!» тақырыбында видеоролиқ жіберіліп, ата-аналардан кері байланыс алынды. Наурыз айында "Баланың оқу іс - әрекетіне көмек тақырыбында ватсап желісі арқылы кеңес берілді. Мамыр айында ата-аналарға ZOOM платформасы арқылы «Ата-аналарға  балалардың жазғы демалыс кезіне арналған психологиялық кеңестер» слайдпен көрсетіліп, түсінік берілді.

Мұғалімдерге   «Суицидке баратын оқушы қандай болады?» тақырыбында кеңес берілді. Ата-аналарға «Баламен жанжал туындаған кезде өзінді қалай ұстауын керек» тақырыбында кеңес, жадынама дайындалып чаттарына жіберілді.

Қаңтар-наурыз айларында 5 сыныпта М.Р.Гинзбургтің әдістемесі бойынша «Оқу мотивациясын зерттеу», 6-7сыныптарда Дж.Буктың «Үй- Адам –Ағаш» проективті тесті, 7-8 сыныптарда Басса-Даркидің эмоция анықтау тесті,                       11 сыныпта «Сен  байқампазсың ба?», «Менің  кәсіби бағыт-бағдарым»                     сауалнамалары, 6-9 сыныптарда логикалық ойлау қабілетін дамыту жаттығулар, 9-сыныпта  «Мамандық таңдау» «Мамандық-өмір таңдауы» «Менің өмірлік жолым», 9-10-сыныптарда «Жылы-жылы сөйлесең...», «Шынымды айтсам» тренинг жаттығулары 8-11 сынып оқушыларымен «Менде не бар»,  «Күлімдеу», «Күйзелістен қалай құтылуға болады?»  «Пікірталас – ұрыс емес»,  «Мен өткен, осы және келер шақтардамын», «Өз жауыңды жой» «Өмір қандай керемет!» тренинг-жаттығулары жүргізілді.

     Сәуір айында 8-10 сыныптар оқушыларынан «Девиантті мінез-құлық түрлерін анықтау» А.Т. Акажанованың   тесті,  8-11 сынып оқушыларымен «Мен өткен, осы және келер шақтардамын», «Өз жауыңды жой» «Өмір қандай керемет!» тренинг-жаттығулары жүргізілді.                                                                                                         Мамыр айында 11 сынып оқушыларымен  «Күйзеліске жол жоқ»,  «Тепе-теңдік», «Маған Сәт-Сапар тілеңіз» тренинг-жаттығулары жүргізілді.




Педагог-психолог                  Л.И.Чолпанкулова