Мектепте әдістемелік жұмыстың қорытынды талдауы » Сұңқар орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сұңқар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 40-4-42
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепте әдістемелік жұмыстың қорытынды талдауы
28
март
2022

Мектепте әдістемелік жұмыстың қорытынды талдауы

   Әдістемелік тақырып:     Педагогтардың оқыту әдістемесін жетілдіру, жаңарту – әдістемелік қызмет сапасын арттыру кепілі.

Әдістемелік жұмыстың мақсаты

  1. Әрбір пән мұғалімінің педагогикалық шеберліктерін арттыра отырып, педагогикалық технологияны жетік меңгеру негізінде оқушы білімін жоғары деңгейге көтеру; 
  2. Білім алуға деген жеке тұлғаның сұраныстарын қанағаттандыру, функционалдық сауаттылықты жетілдіру. 

Міндеттері:

  1. Білім берудің жаңа бағдарламаларын, мемлекеттік стандартын, нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру жұмыстарын ұйымдастыру;
  2. Оқу мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;
  3. Пән мұғалімдеріне оқыту үдерісінде жекелеген мәселелерде қиналатын мұғалімдерге жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикаланған, сараланған негізде ғылыми-әдістемелік көмек көрсету;
  4. Мұғалімдердің   ғылыми- әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін  өз бетінше көтеруіне жағдай жасау. 

      Мектептегі оқыту әрекеттері оқу – тәрбие жұмысы мен әдістемелік жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Мектептің барлық жұмыс жүйесін тұтастай байланыстыратын мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттырудың басты құралы әдістемелік жұмыс болып табылады. Мектептің әдістемелік жұмысының рөлі қазіргі заман жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістемелерін, тәсілдері мен түрлерін тиімді қолдануға байланысты артып отыр.  
 Мектептегі әдістемелік жұмысының бағыттарына тоқталсақ: 
        -     әдістемелік тақырып бойынша жұмыс;

  • әдістемелік кеңес; 
  • әдістемелік бірлестіктер жұмысы;
  • әдістемелік семинар;
  • әдістемелік күн, зерделеу сабақтары;
  • педагогикалық оқулар; 
  • кәсіби байқаулар, жарыстар;                 
  • пән апталықтары мен онкүндіктері.

       2020-2021 оқу жылындағы әдістемелік кеңесінің жұмыс жоспары 2019-2020 оқу жылындағы жұмыстың қорытындысын талдау негізінде құрылған, жаңа оқу жылының тұжырдары мен ұстанымдарын есепке ала отырып, мектеп жұмысының кешендік жоспарына сәйкес жүргізілді. 

       Әдістемелік кеңестің жұмыстың жылдық жұмысын сараптай келе мектеп педагогтардың жалпы саны-25, барлығы жоғары білімді. Оның ішінде жоғары санатты-3, бірінші санатты- 2, зерттеуші- 1, сарапшы-8. Бұл мұғалімдер 56 пайызды құраса, екінші санатты-1, педагог- модератор- 6. Санаты жоқ мұғалімдер саны-5.  Жаңа біліктілік санатқа өткен мұғалімдер мектеп бойынша 60 пайызды құрап отыр. 

Мұғалімдердің авторлық бағдарлама, ғылыми мақалалар, әдістемелік құралдар шығарудағы жұмыстары да төмен деңгейде. Қазіргі уақытта математика пәні мұғалімі Н.Кабдыреймнің  авторлық бағдарлама жұмысы дайындық үстінде. Біліктілік санатын көтеру бойынша сарапшы, зерттеуші санатына өтетін мұғалімдердің аудан, облыс, республика деңгейінде тәжірибе тарату жұмыстарының деңгейі төмен. Авторлық жұмыстарды құрастыруда және оны бекітуге қойылатын талаптар оқу жылы басында таратылып, пән мұғалімдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен, бірде –бір пән мұғалімі авторлық бағдарлама жазу жұмысын қолға алмады.  Қазіргі талапқа сай сарапшы мұғалімдер авторлық жұмыс бойынша мақала жазу, эссе, ғылыми мақала жазу жұмыстарына көңіл бөлмейтіндіктен аудан бойынша осы бағытта оқушы жұмыстары да төмен деңгейде. Оқушылардың пиза курсында тапсырған тест нәтижесі бойынша да оқу сауаттылығынан аудан бойынша мектебіміз төмен нәтиже көрсетті.   

        2020-2021 оқу жылында облыс көлемінде өткен әдістемелік іс-шараларда мұғалімдер ешқандай тәжірибе   таратпады.  2020-21 оқу жылында облыс, республика көлемінде тәжірибесін таратқан мұғалім жоқ. Аудан көлемінде тәжірибе таратқан мұғалімдер де жоқтың қасы. Педагогтардың біліктілік санаттарын жоғарылатуға негіз болып табылатын мұнай жұмыстарға мұғалімдердің ұмтылмауының басты себептері мектепте мұғалімнің жас ерекшеліктерінің байланысты қазіргі технологиялық білімге қабілетсіздік танытуы болып табылауды. 

Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтуі

2020-2021 оқу жылында Оспанбаева Г., Джолдасбекова А., Батырова М «Шағын жинақты мектептерде біріктірілген сынып-комплектілерінде пәндерді оқыту әдістемесі» курсынан, Кабдырейм Н., Батырова М., Тулеулиева А., Мурзамадиев А. пәндік курстардан өтсе, Кабдырейм Н. «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша вариятивті бөлімді жоспарлау және мұғалімнің шығармашылық құзіреттілігін арттыру жолдары» тақырыбындағы курстан өтті. 5-11 сыныптарға сабақ беретін 11 негізгі пән мұғалімі Пиза халықаралық зерттеуі аясында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған кәсіби педагогикалық құзіреттіліктерді дамыту» курсынан өтіп сертификатталды. Мұғалім пәндік құзыреттілік бойынша курстан өту деңгейін алдағы оқу жылында жоғарлату назарға алынып отыр.  

Мұғалімдердің пәндік құзыреттілігін арттыруда пән олимпиадаларының да алатын орны ерекше.  2021 жылы наурыз айында өткізілген пән олимпиадасына  10 пән бойынша 12 мұғалім қатысты, жүлделі орын алған мұғалімдер жоқ. 


      Менеджмент, педагогикалық қолдау, оқу-әдістемелік мазмұн және табысты тәжірибені тарату мәселелерінде серіктес мектептермен бірлесе өткізілген іс-шаралар

     2020-2021 оқу жылында мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, шығармашылығын, ізденісін дамыту мақсатында ауданда Мыңбаев орта мектебі трек мектеп, Оспанов, Сұңқар орта мектептері магниттік мектеп болып бекітілген.  

Серіктес мектептермен бірлескен жұмыс жоспары бойынша желтоқсан, қаңтар айларында «Функционалдық сауаттылық  білім сапасының негізі» және «Тапсырманы саралаудың тиімділігі» тақырыбында вебинарлар өткізілді. Бұл шаралардың өткізілуі мұғалімге: оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін алдымен мұғалім өзі зерттеуі, оқу мақсатын саралап, соған байланысты тапсырмаларға саралау жүргізуі керек, өзі функционалды сауатты болуы керек екенінен өте маңызды ақпараттар берді. 

      «Тәжірибеммен бөлісемін» тақырыбында өткен іс-шара бойынша

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігінің 28.12.2021 жылғы №548 шығыс хаты негізінде ақпан айында Сұңқар орта мектебінің оқушы біліміндегі олқылықтарды жою мақсатындағы пән мұғалімдеріне өзара көмек ұйымдастыру үшін «Тәжірибеммен бөлісемін» тақырыбында семинар жоспары жасалынып, жоспар бойынша мектепте мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті.  Осы бағытта барлық негізгі пән мұғалімдері аудан көлеміндегі іс-шараларға қатысып, бөлім және жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру, оқу мақсатына сай тапсырмалар құрастыру туралы қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру барысында сабақ мақсатының оқу мақсатына сәйкес алынуы, бағалау критерийлерінің қойылуы, тапсырмалардың саралануы, тапсырманың мазмұндық құрылымы, сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған тапсырмалардың таңдалуы, дескрипторлардың қойылуы, балдардың тапсырманың деңгейіне сай дұрыс қойылуы туралы өз тәжірибелерімен бөлісіті, құнды пікірлер мен кеңестер айтып өзара тәжірибе алмасты. 

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудағы жұмыстары

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» мектептің оқу жылында алға қойған мақсаты болғандықтан жыл бойындағы мектептің оқу мен оқыту үдерісіндегі іс-шараларының барлығы осы бағытта жұмыстар атқарды. 2020-2021 оқу жылында   жоспар бойынша 5 әдістемелік кеңес отырысы өтті. 3 әдістемелік семинар, мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында 4 коучинг, 5 пән апталықтары мен он күндіктері өтті.  

№2 әдістемелік кеңесте «Білім берудегі инновациялық іс-әрекетті жоспарлау» тақырыбы аясында:  Жаңа әдіс –тәсілдерді сабақта тиімді қолдану, сыныптағы бағалау жүйесін қадағалау /ықшам сабақтар/

Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді механизімдерін таңдау, сауаттылығын жетілдіру. Әлеуметтік жоба жұмыстары туралы. /Шебер сыныптар/

№3 әдістемелік кеңесте «Зерттеу жұмыстарының жүргізудің білім сапасын арттыруға әсері» тақырыптары аясында: «Оқушыларды оқу сауаттылығына дайындаудың тиімді тәсілдері» /шебер сынып/.             

«Әлеуметтік жоба жұмыстарын жүргізудің оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға тиімділігі» /Дөңгелек үстел/ 

«Саралау тапсырмалары арқылы оқушылардың қажеттіліктері бойынша қолдау көрсету» /ықшам сабақ/

№4 әдістемелік кеңесте «Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытудың негізі» тақырыбы аясында: «Сандық білім – сапалы нәтиже» /Шебер сынып / 

«Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын талдауда қойылатын сұрақтар» /ықшам сабақтар/  

«Оқушыларды тарих пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді   тәсілдері» атты атты шаралар өткізіліп, сабақ мақсатына сай тапсырма құрастыру жолдары, қиындық туғызған оқу мақсаттарына сай тапсырмалардың тиімді саралану  орындау жолдары қарастырылды.

       «Білім алушыларлың оқу жетістіктерін критериалды бағалау», «Іс-әрекетті зерттеу мен сабақты зерттеу(Lesson study) тәсілдерін пайдалану», «Сабақтағы кері байланыс маңызды үдерістердің бірі» атты 3 әдістемелік семинар өткізілді. 

     «Табысты оқытудағы қалыптастырушы бағалаудың ролі», «Сабақта саралау тапсырмаларын тиімді қолдану мақсатқа жетуге жол ашады», «Тәжірибедегі зерттеу –мектептің кәсіби өсуінің негізі», «Сандық білім – сапалық нәтиже»  атты әдістемелік күндер өткізіліп, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. 

      Қараша айында «Халықаралық зерттеуге дайындық аясында функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары» тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді. Осыдан кейін бастауыш сыныптарда математика пәнінің оқытылуында Timss және Pirls тапсырмаларының қолданылуы, 5-сыныптан бастап математикалық сауаттылықта, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарында Pisa тапсырмаларының қолданылуы үнемі қадағаланып отырды. Десе де оқушылардың ұзақ мәтіндерді түсініп оқып оғын талдау жасау деңгейдерінің төмендігі байқалды. Оқушылар мәтіннің аяғын оқып біткенше басында не оқығанын есте сақтамайды, оқу сауаттылығын дамытуға барынша көңіл бөлу керек. Себебі математикалық сауаттылықта болсын, жаратылыстану сауаттылығында болсын, алдымен оқушы тапсырманың шартын оқып, талдап, қорытынды жасай алуы тиіс. Сондықтан оқушылардың оқу сауаттылығы деңгейін көтеруге бағытталған әдістер мен тәсілдерді барынша қолдануға мүмкіндік жасау керек. 

      Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған «Жоба» жұмыстары жоспарланғанымен жүйелі түрде жүргізілмеді. Екі жоба жұмысы да басталып, аяқтаусыз қалдырылды. 

     Сабақты зерттеу бойынша екі топ құрылып жұмыс атқарды. Бастауыш сыныптардан 3 сынып зерттеуге алынып 3 тізбектелген сабақ өткізілді. Жоғары сыныптардан 7 сынып зерттеуге алынып 3 тізбектелген сабақ өткізілді. Өткізілген сабақтар бойынша әдістемелік бірлестіктердің отырысында қаралып, әдістемелік кеңесте шешімі шығарылды. Деседе сабақты зерттеу циклының аз болуына байланысты жүйелі нәтиже шықпады. 


Дарын, зерде, олимпиада.  «Мың бала» 5-6 сынып оқушыларының олимпиадасы. 

Мектепішілік дарын, зерде, ғылыми жоба байқауы ұйымдастырылып, бастауыш сыныптардан 2-сынып оқушысы Тұрғанбай Арынның «Асық-ұлттық ойын» жетекшісі Шамшиева М., 3-сынып оқушысы Оңласын Ералидің «Қымыздың пайдасымен қолдану жолдары» жетекшісі Канапина К., 4- сынып оқушысы Қанатова Қамардың «Мысықтың этологиясы» Есбенбетова Н. зерде-ғылыми жобалары, 5-сынып оқушысы Шашубай Әселдің «Оқушылар арасында пайдаланатын ағылшын тілінен енген кірме сөздері» жетекшісі Кудорина К.,  6-сынып оқушысы Жорахан Айшаның «Киіз үйді математикалық тұрғыдан талдау» жетекшісі Джанузакова К, 6-сынып оқушысы Галямова Сагинаның «Польза и вред растения – хищника» жетекшісі Батырова М., 7-сынып оқушысы Қожахан айшаның «Газды сусындардың адам ағзасына зияны мен кері әсері» жетекшісі Қамбарбаева Г. зерде-ғылыми жоба жұмысы, 8-сынып оқушысы Әбдірасіл Әнелдің «Физика біздің айналамызда»  жетекшісі Болатова Е. дарын-ғылыми жоба жұмыстары іріктеліп алынды. Сонымен бұл оқу жылында 6 «Зерде» жұмысы, 1 «Дарын» жұмысы талданып, аудандық білім бөліміне тақырыптар жіберіліп, бұл жұмыстарды жүйелі жалғастырып зерттеуге кеңестер берілді. Бұл көрсеткіш алдыңғы оқу жылына қарағанда мұғалімдердің дарын-ғылыми жоба жұмыстарының бағыттарында ілгерлеу бар екенін көрсетеді. 

       Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының ұйымдастыруымен ҚР БжҒМ-нің бақылауымен «Мың бала» ауылды жердегі мектептерге арналған  Ұлттық зияткерлік олимпиадасына биылғы оқу жылында 5 сыныптан 6 оқушы, 6 сыныптан 3 оқушы қатысты. 1-кезеңде 5-сыныптан қатысқан 6 оқушының 5-еуі, 6-сыныптан қатысқан 3 оқушы интернет желісінің нашар жұмыс істеуі себебінен сұрақтарды толық көріп үлгермей, базадан шығып қалды. 1 оқушы Шашубай Әсел сұрақтарға толығымен жауап беріп, екінші кезеңге қатысуға жолдама алған болатын, екінші кезеңнен сүрінбей өтіп, «Мың бала» олимпиадасының жеңімпазы атанып, «Мың бала» онлайын мектебінде бірге оқуға жолдама алды, пән мұғалімі Қабдырейм Н. 

Оқушылардың пәндік олимпиадаға жүйелі дайындығын қамтамасыз ету мақсатында аудандық олимпиадалық резерв мектебіне 7-сынып оқушысы Серік Айым математика пәнінен іріктеуден өтті. Пән мұғалімі Қабдырейм Н.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша олипиаданың І кезеңінен барлық пәндер бойынша 18 оқушы математика, қазақ тілі, физика, химия, биология, география, ағылшын тілі пәндерінен оқушылар қатысып, жүлделі орын алған оқушылар   ІІ- аудандық кезеңі 8-12 ақпан аралығында   қашықтықтан ZООМ платформасы арқылы 5 қатысты.

Оқушылардың олимпиадалар мен интеллектуалды марафондарға қатысуы мен жетістіктерін атап айтсақ: математика пәнінен аудандық пән олимпиадасына 3 оқушы қатысып, 2 оқушы ІІ орын. 

«Ақбота» интеллектуалды ойынынна бастауыш сыныптардын 9 оқушы,  5 оқушы ІІ орын,  4 оқушы ІІІ орын 

«Пони» интеллектуалды ойынна 2 оқушы, І1 оқушы ІІ орын, 1 оқушы ІІІ орын 

Мектепалды даярлық тобының оқушыларының жетістіктері:  

«Үркер» республикалық марафонынан 1 оқушы І орын, мұғаліміне диплом. 

ТИО олимпиадасынан 4 оқушы І дәрежелі диплом, 4 оқушы ІІ дәрежелі диплом. 

НИО олимпиадасынан 1 оқушы 1 орын, 5 оқушы ІІ дәрежелі диплом. 

«Кенгуру математика –барлығы үшін» интеллектуалды ойынына 7-сыныптан 4 оқушы қатысып ІІ орын, 

НИО олимпиадасына 5 оқушы ІІ орын, 5 оқушы ІІІ орын 

Русский медвежонок олимпиадасынан 5 сыныптан 8 оқушы І орын, 2 оқушы ІІ орын, 3 оқушы ІІІ орын. 

Дарын.онлайн республикалық пән олимпиадасынан бастауыш сыныптың 2 оқушысы І орын. 

"Тәуелсіздік  тұмарым"  атты   Республикалық дарынды   балалар  мен  жасөспірімдер   арасындағы  өнер  байқауы, "Ақындық  өнер"   номинациясы Нүсіпхан  Шұғыла  І орын.2020ж.   

Аудандық  "Мағжан  оқулары"   9-сынып  оқушысы  Нүсіпхан   Шұғыла  ІІІ  дәрежелі диплом. 

Аудандық  Әбіш  Кекілбаев   оқулары.  8-сынып   оқушысы   Шаймерден  Мейіржан  3-дәрежелі   диплом.  

      9 сынып оқушыларын ОЖСБ- ға, мемлекеттік емтиханға дайындау жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді. Пән мұғалімдері дайындық кестесіне сәйкес жыл бойына оқушыларды дайындады. Белгіленген пәндер бойынша мемлекеттік емтиханға қатысты, емтиханда оқушылар өз деңгейіндегі бағаларын алып, негізгі мектепті бітіру аттесттатын 14 оқушы алып, 2 оқушы «Үздік аттестат» алды.      11 сынып оқушыларын ҰБТ- ға дайындау, қорытынды аттестаттауға дайындау жұмыстары да бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді. 11 сыныпты 8 оқушы  бітірді. 1 оқушы «Алтын белгі» иегері болды. Мемлекеттік Ұлттық біріңғай тестке 7 оқушы қатысып жоғары балл 95. Төменгі балл 58 болды.  Жалпы ҰБТ бойынша орташа балл 71 болды. 

ІІ жартыжылдықта 7-8 сыныптардан 14 оқушы «Пиза» зерттеуі бойынша дайындалып, байқау сынағын тапсырды. Математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығынан жоғары деңгей, оқу сауаттылығынан орташа деңгейді көрсетті. Олар мемлекеттік «Пиза» курсының кіріспе бөлімін аяқтады. 

Кәсіби байқаулар, жарыстар

2020-2021 оқу жылында география пәні мұғалімі Абишаева С. 

«Үздік мұғалім» аудандық байқауына математика пәні мұғалімі Қабдырейм Н. қатысты. 

«Шағын жинақты мектептің үздік мұғалімі» аудандық байқауына география пәні мұғалімі  Абишаева С. қатысып ІІ орын, «Сулар салған сұлулық» атты фотоколлаж байқауынан алғыс хат, «Әр географ-өлкетанушы» атты жобадан ІІ орын иеленді. 

Аттестация бойынша

     Аттестаттауға  биылғы оқу жылында 10  мұғалім өтініш берген.  Мұғалімдердің біліктілік тестілеуіне 10 мұғалім қатысты, олардан 5 мұғалім «Педагог-сарапшы», 5 мұғалім «Педагог-модератор» деңгейіне тест тапсырды, 3 мұғалім «Педагог-сарапшы», 1 мұғалім «Педагог-модератор» біліктілігіне тестілеуден өтіп сертификатталды. 

Ұсыныстар

  1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған әдістемелік іс-шараларды жүйелі жүргізу, мектепішілік жобаларды жүйелі ұйымдастыру, мұғалімдердің осы бағыттағы тәжірибесін жинақтап, тарату; 
  2. Мұғалімдердің пәндік құзыреттілікті жетілдіру курстарынан толық өтуін қамтамасыз ету, курстан өтудің жылдық жоспарын жасау, бақылауға алу; 
  3. Биылға оқу жылында міндетті аттестаттаудың біліктілік тестінен өтпеген мұғалімдерге ескертулер беру; 
  4. Мұғалімдердің авторлық бағдарлама, әдістемелік құрал шығару жұмыстарын жоспарлау, шығармашылық зерттеу жұмыстарын сараптамалық кеңес ережесіне сай жүргізу,  әдістемелік кеңесте бекіту;
  5. Мұғалімдердің аудан, облыс көлемінде тәжірибе тарату жұмыстарына ықпал ету, мектепте тәжірибесі таратылған мұғалімдерді ауданға ұсыну;
  6. Аудан көлемінде өткізіліп жатқан кәсіби байқауларға мұғалімдердің қатысуын ұйымдастыру, байқауларға мұғалімдерді жүйелі дайындау;
Пәндік олимпиада, ғылыми жобалар жұмысына оқушыларды дайындау жұмыстарына жүйелі басшылық жасау, мектепшілік оқушылар арасындағы байқаулардың сапалы өткізілуін қамтамасыз ету, оқушылардың ғылыми қоға